Сүйгім келеді текст песни

Бар сыр айтылған күндер қайда?
Қайта оралып келмейтін.
Бар сыр айтылған түндер қайда?
Жарамызды емдейтін.

Қарашы, көзімде бәрі жазулы,
Бар сенгенім сен едің, егізім едің,
Сені іздедім.

Мен сені басқаша сүйгім келеді,
Жоғалтып алғым келмейді сені.
Кінәлап тұрғандай көрінеді көздерің,
Естісен осы әнімді кешір мені.

Сен жайлы жазар едім роман,
Келер емес қолымнан.
Сен болдын енді маған арман,
Кездеспейтін жолымнан.

Қарашы, көзімде бәрі жазулы,
Бар сенгенім сен едің, егізім едің,
Сені іздедім.

Мен сені басқаша сүйгім келеді,
Жоғалтып алғым келмейді сені.
Кінәлап тұрғандай көрінеді көздерің,
Естісен осы әнімді, кешір мені.

Комментарии

Минимальная длина комментария - 50 знаков. комментарии модерируются
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Комментариев еще нет. Вы можете стать первым!