Әкеге сағыныш текст песни

Әке, сенсіз кең дүние тар бүгін,
Көру үшін, тәрк етер ем барлығын.
Аспан мен жер арасында шарқ ұрдым,
Жеткізе алмай, сағыныштың бар мұңын.

Алақанын сағынсам да анамның,
Бұл күндері үйге сирек барамын.
Әкесіз үй сондай салқын екен-ау,
Әкесіз үй ашпайды екен қабағын.
Мейрімді аңсадым!

Өзің жатқан құс жастықты жастанып,
Сені іздеген жанарымнан жас тамып,
Күн батырып, таңдарымды қарсы алам,
Ақиқаттан ғұмыр дейтін жасқанып.

Комментарии

Минимальная длина комментария - 50 знаков. комментарии модерируются
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Комментариев еще нет. Вы можете стать первым!