Күлгенің қандай әдемі текст песни

Күлгенің қандай әдемі,
Қылығың тәтті бал еді.
Күн түні сені ойлаймын,
Жанымның сенсің әлегі.

Жүргенің қандай әдемі,
Өзіңе ойым бар еді.
Меніңде іздеп жүргенім,
Дәл сендей сұлу жан еді.

Сұлу ару мұңайма,
Болмашыға жылайма,
Сүйіп қалдым сені.
Мендей жігіт ұнайма,
Мінезіме шыдайма,
Түсінші сен мені.

Сен маған айтшы шыныңды,
Бөлісіп тұршы сырыңды.
Көйлегің қандай әдемі,
Серуенге киген бүгінгі.

Жаныма жылу сыйладың,
Ешкімге сені қимадым.
Ұнатсаң сенде жүрекпен,
Шын махаббатпен сүй жаным.

Комментарии

Минимальная длина комментария - 50 знаков. комментарии модерируются
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Комментариев еще нет. Вы можете стать первым!