Кептеліс текст песни

Бола бермес бұл өмірдің жолы теп тегіс,
Өтпейтіндей уақыт алдайды.
Көну керек туып жатса тағы кептеліс,
Ойыңдағыдай болмайды.

Кептеліс қарашы,
Алматы қаласы,
Шыдасаң алға өтесің,
Кептеліс туса да,
Сабыр ет бір шама,
Бақытқа түбі жетесің.

Өтіп жатыр күн мен айлар, сан
жылдарың да,
Тағдыр дейміз-ау, біз мұны.
Кешігуге болмайды екен тағдыр жолында,
Өз қолыңда өмір тізгіні.

Шығып кетпе тым асығыс жолдан сабыла,
Сезілгендей кенет бір сырың.
Тоқтау керек тіршіліктің бағдаршамына,
Жүргеңнің тындап дүрсілін.

Комментарии

Минимальная длина комментария - 50 знаков. комментарии модерируются
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Комментариев еще нет. Вы можете стать первым!